присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

ІІМ іздеу жарияланған Бейбіт Шүменовтің Қазақстан азаматы екенін растады

08 тамыз 2023 11:56
ІІМ іздеу жарияланған Бейбіт Шүменовтің Қазақстан азаматы екенін растады

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов іздеу жарияланған белгілі боксшы Бейбіт Шүменовтің Қазақстан азаматы екенін растады.

Бейбіт Шүкеновке қатысты тергеу жүріп жатыр. Оған іздеу жарияланды. Кезінде істі тіркемеген (полиция) қызметкерлер тәртіптік жауапқа тартылды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ол – шетелдік емес, Қазақстан азаматы, - деп нақтылады министр.

18 маусымда Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде жанжал болып, белгілі боксшы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар ер адамды (қырғыз азаматы) ұрып-соққан. Сол кезде Ішкі істер вице-министрі Қайрат Сүнтаев боксшыға қатысты «бұзақылық» бойынша іс қозғалғанын, ал уақытында Бейбіт Шүменовке шара қолданбаған полиция қызметкері жауапқа тартылатынын айтқан.

Осы жанжалдан кейін тексеріс жүргізіліп, Есіл аудандық полиция бөлімшесінің жергілікті полиция инспекторы қызметінен босатылды. Кезекші бөлімшенің жедел кезекшісіне және «Есіл ауданы» ММ жергілікті полиция қызметінің бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторына қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту жасалды. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Одан бөлек, аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметінен босатылды, аудандық полиция басқармасының басшысына сөгіс жарияланды.

Еске салайық, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті белгілі боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жариялады.

Қазақстандағы Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша қылмыстық жауапқа тартуды ұсынды.

Омбудсмен боксшы өз іс-әрекетімен жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеріп, Ішкі істер министрлігіне жүгінген. Оның пікірінше, Бейбіт Шүменовті қылмыстық жауапкершілікке тарту керек.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру