присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Көпбалалы отбасылар 339,4 млрд теңге жәрдемақы алды - министрлік

22 қараша 2023 16:47
Көпбалалы отбасылар 339,4 млрд теңге жәрдемақы алды - министрлік

Жыл басынан бері 539,1 мың көпбалалы отбасы 339,4 млрд теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы алды. Оның ішінде қазан айында 534,9 мың отбасына 35,4 млрд теңге жәрдемақы төленді.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп, төленеді. Көпбалалы отбасылардағы:

  • 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр бала үшін 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.

Көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5% артты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру