присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қарағанды облысында сотталған азамат түрмеден қашып кетті

02 тамыз 2023 15:45
Қарағанды облысында сотталған азамат түрмеден қашып кетті

31 шілдеде Қарағанды облысында орналасқан қауіпсіздігі орташа №31 мекеменің әкімшілік ғимаратының аумағында жұмыс істеп жүрген жерінен сотталған азамат қашып кеткен. Ол ҚР ҚАК 119 және 136-баптарына сәйкес  мекеменің күзетілетін аумағында орналасқан объектіде жөндеу жұмысын жүргізген.

Түрмеден қашқан азамат бірнеше сағатта ұсталды. Оны жедел қызметкерлер ұстады.

Қазір Қарағанды облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Тергеу барысы және өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеруді бастады.

29 жастағы ер адам ұрлық үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру