присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қарызға белшесінен батқан астаналық өз бүйрегін сатпақ болған

31 қаңтар 2024 15:36
Қарызға белшесінен батқан астаналық өз бүйрегін сатпақ болған

Қазақстандық азамат өзінің бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, кездейсоқ сатып алушыға интернет арқылы сатуға тырысқан.

Ер адам әлеуметтік желінің қолданушыларына өз мүшесін сататынын мәлімдеген. Ал алу операциясы туралы барлық келісімдерді сатып алушы ұйымдастыруы керек еді. Танымал әлеуметтік желідегі ерекше хабарландыруға Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері назар аударып, донормен байланысқа шыққан.

Бірнеше апта бойы полицейлер арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде трансплантация жасау және ақша қаражатын беру туралы мәміле жасалды.

ҰҚҚКБ қызметкерлері Көкшетау қаласында күдіктіні ақша беру кезінде ұстады. Алғашқы тергеу әрекеттері аясында полицейлер ер адамның Ақтөбе қаласының тумасы, бірақ елордада тұратынын анықтады. Қатысушының өзі мұндай шарасыздыққа құмар ойынға тәуелділіктен барғанын түсіндірген. Өйткені ол соның салдарынан қарызға белшеден батып кеткен.

Бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру