Қазақстан мен Германия президенттері келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның федеративті президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізді.
Президенттер екі елдің стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өтілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшылары тет-а-тет пішініндегі келіссөзде екіжақты экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға уағдаласты.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ