присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстандықтар нан өнімдерін тұтынуды азайтқан

20 маусым 2023 15:54
Қазақстандықтар нан өнімдерін тұтынуды азайтқан

Қазақстандықтар нан мен жарма өнімдерін аз тұтына бастады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы жылдың I тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халықтың азық-түлік тұтынуы бойынша ең көп төмендеу нан мен жарма өнімдері – 5,8%, балық пен теңіз өнімдері  бойынша байқалған – 2,3%.

Керісінше, жұмыртқаны тұтыну 6,6%-ға, жемістерді 2,8%-ға, қант пен кондитерлік өнімдерді тұтыну 2,6%-ға өскен.

Бұдан бұрынғы кезеңдердегідей үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (16,8%), нан өнімдері мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.

Есепті кезеңде ең аз қамтылған халықтың 10% қамтылған халықтың 10%-мен салыстырғанда көкөністерді, балық және теңіз өнімдерін 4 есе, ет және ет өнімдерін 3,7 есе, сүт және сүт өнімдерін 3,2 есе аз тұтынған.

Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында – 22,9 келі (жан басына шаққанда тоқсанына), ең төмені Шымкент қаласында – жан басына 15 келі.

Нан мен жарма өнімдері бойынша, егер Қазақстанда 1-тоқсанда жан басына шаққанда 30,6 келі тұтынылса, ең жоғары тұтыну Түркістан облысында – 41,1 келі, ең төмен тұтыну Алматы қаласында – 24,3 келі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру