Қазақстандықтар нан өнімдерін тұтынуды азайтқан
Қазақстандықтар нан мен жарма өнімдерін аз тұтына бастады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы жылдың I тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халықтың азық-түлік тұтынуы бойынша ең көп төмендеу нан мен жарма өнімдері – 5,8%, балық пен теңіз өнімдері бойынша байқалған – 2,3%.
Керісінше, жұмыртқаны тұтыну 6,6%-ға, жемістерді 2,8%-ға, қант пен кондитерлік өнімдерді тұтыну 2,6%-ға өскен.
Бұдан бұрынғы кезеңдердегідей үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (16,8%), нан өнімдері мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.
Есепті кезеңде ең аз қамтылған халықтың 10% қамтылған халықтың 10%-мен салыстырғанда көкөністерді, балық және теңіз өнімдерін 4 есе, ет және ет өнімдерін 3,7 есе, сүт және сүт өнімдерін 3,2 есе аз тұтынған.
Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында – 22,9 келі (жан басына шаққанда тоқсанына), ең төмені Шымкент қаласында – жан басына 15 келі.
Нан мен жарма өнімдері бойынша, егер Қазақстанда 1-тоқсанда жан басына шаққанда 30,6 келі тұтынылса, ең жоғары тұтыну Түркістан облысында – 41,1 келі, ең төмен тұтыну Алматы қаласында – 24,3 келі.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ