присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанға 4 мыңға жуық шетелдік емделуге келген

24 шілде 2023 16:55
Қазақстанға 4 мыңға жуық шетелдік емделуге келген

Былтыр отандастарымыз бюджет қаражаты есебінен Түркия, Ресей және Германияға емделуге жіберілген. Ал Қазақстанға ем алуға 4 мыңға жуық шетелдік келген.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің хабарлауынша, 2022 жылы бюджет қаражаты есебінен қазақстандық 80 науқас, оның ішінде 71 бала шет елдерге емделуге жіберілген. Оның тең жартысынан көбі, яғни 44 адам Түркияға емделуге барған. Ресей Федерациясына – 13, Германияға – 9, Үндістанға – 7, Беларусьқа – 6, Оңтүстік Кореяға – 1 адам жіберілді.

Сонымен бірге 2022 жылы еліміздің медициналық ұйымдарында 3 884 шетелдік пациент емделген. Олардың ішінде 85%-ы (3 303 адам) шұғыл және 15%-ы (581 адам) жоспарлы тәртіппен түскен.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру