присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қостанай облысында отбасы шырқын бұзған мыңнан аса адам қамалды

28 қараша 2023 18:05
Қостанай облысында отбасы шырқын бұзған мыңнан аса адам қамалды

Жыл басынан бері Қостанай облысында отбасы шырқын бұзған 1 252 адам қамауға алынған. Жалпы биыл өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 4 мыңға жуық заң бұзушылық оқиғасы болған.

Соның ішінде 14 қылмыс жасөспірімдерге қатысты жасалған. 20-ға жуық бала қылмыс жасаған.

Қазір облыста 600-ден астам жасөсіпірім мен 332 отбасы арнайы тіркеуде тұр. Бұл отбасылардың жағдайын әлеуметтік қызметкерлер мен полиция бақылап келеді.

Облыстық ПД жергілікті полиция басқармасының хабарлауынша, жақсы жағына өзгерген жасөспірімдер мен отбасылар белгілі уақыттан соң есептен шығарылады. Ал отбасы шырқын бұзып, ойран салуды тоқтатпаған адамдар әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

Қазір елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты оқиғалар көбейіп барады. Мысалы, Жетісу облысында былтыр 10 айда мыңнан астам дерек тіркелсе, полиция биылғы 4 айда зорлық-зомбылық бойынша 841 іс қозғаған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру