присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қостанай облысындағы 1,6 млн га алқапта шегірткенің бар-жоғы тексерілді

05 шілде 2023 17:28
Қостанай облысындағы 1,6 млн га алқапта шегірткенің бар-жоғы тексерілді

Қостанай облысында 1,6 млн га алқапта табын шегірткесінің бар-жоғы тексерілді.

Өңірге «Вантекс», «Карат Супер», «Тиаметрин» және «Фипрон» сынды препараттың барлық қажет көлемі жеткізілген. Шегіртке Жангелдин, Амангелді, Алтынсарин, Денисов және Науырзым аудандарында ең көп таралған.

Бүгінде өңірдегі 1,6 млн га алқапта табын шегірткесінің бар-жоғы тексерілді. Жоспарланған аумақтың 70%-ы немесе 265,4 мың га жері өңделді.

Бұған дейін Жангелдин ауданынан Науырзым ауданының шекаралас аумағына шегірткелердің көшу фактісі тіркелен еді.

Олардың пайда болуы мен таралуына күн сайын Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжау әдістемелік орталығының облыстық және аудандық филиалдары, сондай-ақ АШМ АӨК облыстық, аудандық аумақтық инспекцияларының қызметкерлері мониторинг жүргізіп жатыр.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек және АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қаныш Әлиев Науырзым және Жангелдин аудандарына барып, жағдайды тікелей бақылауға алды.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру