присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қызылорда облысында айна шығаратын зауыт салынады

07 желтоқсан 2023 14:46
Қызылорда облысында айна шығаратын зауыт салынады

2024 жылы Қызылорда облысында айна шығаратын зауыт салынады. Бұл туралы өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.

Оның айтуынша, алдағы 6 жылда облыста құны 1 трлн 100 млрд теңге болатын 65 жоба іске асады.

Нәтижесінде 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл құны 14 млрд 100 млн теңге болатын 15 жоба іске қосылды. Қабылданған шаралардың негізінде өнеркәсіп құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 30% ұлғайды. Былтыр іске қосылған шыны зауыты тұрақты өнім шығарып, оның 70%-ын ішкі нарыққа, 30%-ын Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікментанға экспорттап жатыр, - деді Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бүгінде зауыттың негізгі қуаты – 197 мың тонна. Ол іске қосылғаннан бері 167 мың тонна өнім шығарған.

Сондай-ақ облыс әкімі ендігі жылы айна зауытының құрылысы басталатынын атап өтті. Жобаның құны – 1,5 млрд теңге. 

«Шыны зауытының аясында шағын және орта кәсіпкерліктің белдеуін дамытуға мүмкіндіктер мол. Зауыт жанынан құны 130 млрд теңгеден асатын 8 түрлі шыны бұйымдарын шығаратын 8 ілеспе кәсіпорны құрылады. 2024 жылы қосымша аумағы 5 млн шаршы метр болатын энергия үнемдейтін шыны өндірісі іске қосылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ шыны бөтелкелер шығаратын және алғашқы айна зауытының құрылысы басталады. Бұл 3 жобаның жалпы құны – 32 млрд 300 млн теңге», - деді өңір басшысы.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру