присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Хорватия азаматы Қазақстан арқылы есірткі тасымалдаған

22 қыркүйек 2023 12:15
Хорватия азаматы Қазақстан арқылы есірткі тасымалдаған

Көлік полицейлері ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан арқылы есірткі заттарын тасымалдаған Хорватия азаматын анықтады.

Қазақстанның көлік полицейлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Алматы – Ташкент бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде қызметтік іздестіру иті пойыз жолаушыларының бірінен белгі берген. Күдікті Хорватия Республикасының 61 жастағы азаматы болып шықты. Ұсталған азаматқа жеке тінту жүргізу кезінде марихуана және гашиш табылып, тәркіленді. Шетелдік есірткіні сатып алғанын және оны жеке пайдалануы үшін сақтағанын түсіндірді.

Аталған факті бойынша шетел азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабы 1-бөлігі («Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Өзге ақпараттар ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне орай жария етілуге жатпайды, – деді көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру