присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Маңғыстау облысында борышкерлерден 42 млн теңге айыппұл өндірілді

26 маусым 2023 12:44
Маңғыстау облысында борышкерлерден 42 млн теңге айыппұл өндірілді

Маңғыстау облысында 7-30 маусым аралығында республикалық «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, іс-шараның мақсаты – жол қозғалысын қадағалау, әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді анықтау, олардан тиісті айыппұлды ерікті немесе мәжбүрлі түрде өндіріп алу.

Іс-шарад Маңғыстау облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері патрульдік полиция батальоны инспекторларымен бірігіп, рейдтер ұйымдастыруда. Осылайша, тізім бойынша борышкерлер анықталып, олардан 42 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Сондай-ақ, жеке сот орындаушыларымен бірігіп істелінген жұмыстың нәтижесінде 8 автокөлік айыптұраққа қойылып, айыппұлды мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушыларға 1500 дерек жіберілді.

Учаскелік полиция инспекторлары 3492 қаулы шығарды. Борышкерлердің мекенжайларына таратылды. Жедел-профилактикалық іс-шара маусым айының соңына дейін жалғасатын болады.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру