присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

МАРГАРИТА КАДЫРОВА: Су дипломатиясын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді

08 маусым 2023 18:17
МАРГАРИТА КАДЫРОВА: Су дипломатиясын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді

Су секторы саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін басқарушылардың жаңа буыны даярланады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Орталық Азиядағы климаттық өзгерістерге төзімділікті күшейту және қауіпсіздікті арттыру мақсатында су секторында жоғары білімді нығайту» жөніндегі Erasmus+ жобасының алғашқы кездесуіне қатысты.

Erasmus+ жобасы аясында Еуроодақтың 5 университеті және Орта Азия мемлекеттерінің 12 жоғарғы оқу орны су ресурстарын басқару және су дипломатиясы саласында кәсіби құзыреттілікті арттыру мақсатында ынтымақтастық орнатады.

«Орталық Азиядағы климаттық өзгерістерге төзімділікті күшейту және қауіпсіздікті арттыру мақсатында су секторында жоғары білімді нығайту» жөніндегі Erasmus+ жобасын жүзеге аcырудың басты мақсаты – су секторы саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін Орта Азия мемлекеттерінде адами капиталды  күшейту. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жаңа оқу бағдарламалары енгізіледі, сондай-ақ бұрыннан бар бағдарламалар инновациялық элементтермен толықтырылады. Жаңартылған және жаңа бағдарламаларда критикалық ойлау, академиялық мәтіндермен жұмыс жасау, интерактивті оқыту сынды элементтер қарастырылады. Сонымен қатар су дипломатиясын (water diplomacy) дипломатияның жаңа, мамандандырылған саласы ретінде дамытуға ерекше көңіл бөлінеді», – деді Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Маргарита Кадырова. 

Оның айтуынша, бұл жоба аясында су секторы саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін басқарушылардың жаңа буынын даярлау, Орта Азия мемлекеттерінің арасындағы ынтымақтастықты арттыру, оқытушы құрамның біліктілігін көтеру, білім алушылар мен оқытушылар арасында мобильділікті арттыру, ғылыми зерттеулерді қолдау сынды мақсаттар да көзделген.

Жобаны жүзеге асыруда жоғары оқу орындарының рөлі ерекше болмақ, сонымен қатар қарастырылып отырған мәселе бойынша мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және жеке сектордың бірлесіп жұмыс жасауына ерекше назар аударылмақ.    

2023 жылдың 6-7 маусым арасында Қырғызстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясында өткен алғашқы кездесуге Еуроодақ және Орталық Азияның жоғарғы оқу орындарының өкілдерімен қатар, Еуроодақтың Қырғызстандағы миссиясының басшысы, Қырғызстанның Білім және ғылым вице-министрі, Қырғызстанның Сыртқы істер вице-министрі, сондай-ақ Орта Азия мемлекеттерінің дипломатиялық миссиясының өкілдері қатысты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру