присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Наурыз мейрамына “Президенттік көжесі” шарасын өткізу ұсынылды

12 қыркүйек 2023 12:48
Наурыз мейрамына “Президенттік көжесі” шарасын өткізу ұсынылды

Қазақстан халқына   ҮНДЕУ!

                                                         Наурыз мейрамында 
                «Президент көжесі»  іс-шарасын өткізу және «Жыл басы,  көктем мерекесі 
                                  халықаралық «Наурыз мейрамын» ұлықтау үшін 
               ай бойы ұлттық киім киіп, ұлттық тағам ас-сулар, ұлттық спорт ойын сауық            
                                 сияқты ұлттық құндылықтар кешенді іс-шараларын 
                  ел көлемінде және шет елдерде өткізу үрдісін дәстүрге айналдырайық!  

Адамның ұлттық санасын, адамгершілік асыл қасиеттерін қалыптастыратын күш - оның тілінде, өнер-мәдениетінде, салт-дәстүрінде және ұлттық тағамдарында  жасырылған. 

Ұлттық генетикалық кодтың кілті болып табылатын бұл төрт өлшем – елдің экономикалық өркениеттілігі, мемлекеттің құзреттілігі, ұлттық және ұлтаралық мүдденің темір қазығы болып табылады. 
Көшпенділер өркениетіндегі бүтін адамзат қоғамына ортақ құндылықтардың бірі 
«Наурыз мейрамы» 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 64 қарарына сәйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз» күні болып аталып келеді. Бұған «kult. fora» Рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтар» ҚҰ мұрындық боды. Бұл әлем халықтары назарын аударған бірегей құндылық болып танылды. Себебі, жаңа жыл мейрамы тарихи атауымен уақыт межесіне қайта оралау ықтималдығы артып келе жатқанын әлем елдері сезініп отыр. Наурыз мейрамының мәнін ашып мағынасын келтіретін маңызды іс «Наурыз көже» жасау үрдісі. Бұл ұлыстың ұлы күнінің маңызды асы, наурыз мейрамының айшықты белгісі. 

Қазіргі тойланатын жаңа жыл мейрамында әлем елдерінде «Президент шыршасын» өткізетін жақсы үрдіс барын білеміз. Ал қазақ елі бірінші болып осы үрдісті наурыз мейрамында «Президент көжесі» іс-шарасымен өткізсе, онда біз жыл басы, көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыру межесін әлем елдері 
«Жыл басы мейрамы» деп тануына себепші болар едік. Бұл кезі келіп, заманы жеткен тарихи   құбылыс, табиғат заңдылықтарымен мінсіз үйлескен  соны үрдіс және көшпенділер өркениетінің мәңгілік отырықты мәдениеті!

                                                         Құрметті отандастар!

                «Президент көжесі»  іс-шарасын өткізу және «Жыл басы,  көктем мерекесі 
                                  халықаралық «Наурыз мейрамын» ұлықтау үшін 
               ай бойы ұлттық киім киіп, ұлттық тағам ас-сулар, ұлттық спорт ойын сауық            
                                 сияқты ұлттық құндылықтар кешенді іс-шараларын 
                  ел көлемінде және шет елдерде өткізу үрдісін дәстүрге айналдырайық!  
                                                           ұлттық жобасына
                                  барлық қазақстандықтарды қосылуға шақырамыз! 

Өнерхан САНСЫЗБАЙ

«Turan food med» commodity service» ұлттық экономикалық сауда белгісі және 
«Өмір ұзарту» менеджменті жобасының авторы


     Наурыз  көженің  дәстүрлі технологиясы және тарихи философиясы:
Қазақ халқы наурыз мейрамында жеті түрлі дәннен наурыз көже жасайды.
Жеті түрлі дән: Бидай, Ет, Сүзбе қатық, Су, Тұз, Қара бұрышпен Қалампыр және көк (пияз).  Бұл жеті дән- адамзат болмысындағы жеті әлемнің кие тектері болып табылады: бидай-жер ана дәні;  қатық-ақ дәні;  ет-қызыл дәні; су-тәңір дәні; тұз-ас дәмі; бұрыш-от дәні;  пияз-көк (жел, ауа) дәні.  Осы жеті дәнді дайындаған кезде, адамзатының табиғат заңдылықтары мен үйлесім табу диалектісі мұқият сақталады. Онда, адамзаты табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан, табиғат пен және бір-бірімен гормониялық келісімде өмір сүрген жағдайда ғана қоғамда үйлесім болып, жасампаздыққа қол жеткізетіндігі ескерілген. Наурыз көженің құндылығы, оның түпкі мәні және құпия сырыда осында. 

1.Жаратушының адамзатына ең алғашқы бұйыртқан дән-бидай көшеті. Ас атасы нан болу себебіде содан. Сондықтан ырыздық несібесінің келер жылыда мол болуын тілеген адам, күзгі бидайды қамбаға салған кезде келер көктемдегі ұлыстың ұлы күніне бағыштап,  наурыз көженің бидайын дайындап қояды. Ондағы ниет жер ананың ырыздық несібесін үзбей келер көктемгі ұлыстың ұлы күнгі киелі асына қосу.
2.Мал тойынған, сүт қойылған күзгі соңғы сүттен сүзбе қатық сүзеді. Бұдан кейін мал суалады. Бұл осы жылдың соңғы сүтінен дайындалған – ас дәмінің падишасы, ас құнарының маңызы және келер жылғы наурыз көженің ас дәмі. Мұндағы ниет, ақ дәннің маңызын келер жыл басындағы асқа қосу. «Ақ дәнің үзілмесін, ақ босағаң бүлінбесін» деген тілек. 
3.Қазақ халқы мал әбден тойынған, еті құнарланған кезде қараша айында қыс азығын дайындап соғым сояды. Соғымды үлкен дайындықпен, айдың аты, күннің сәтін ескере отырып ниет етіп, құран бағыштап сояды. Етті бұзып сорғытадыда ас дәмдерімен тұздап, кептіреді. Бір неше жас малдың етін қарынға салып жас қалпында сақтап қояды. Оны жазғытұры мал арыған кезде жас сорпа керек болған жағдайда керектенеді. Соғым етін бұзған кезде жөн білетін, бойы таза, ыспар адам үй иесінің талабымен әр кәделі жілікті өз жөн жоралғысына сай дайындайды. Онда:  ауыл ақсақалы, ата-жетесі, сыйлы қонағы, құда жекжаты түгел ескеріледі. Келер Наурыз мейрамындағы Ұлыстың ұлы күні киелі қара қазанға салынатын кәделі жіліктер бағышталып, ерекше дәмделіп тұздалған соң ысталып белгілі мөлшерде кептіріледіде абдыраға салып сақталады. Міне бар гәп осында жатыр. «Түтінім-өшпесін, дәмім үзілмесін» деп ұрпақ жалғастығына ерекше мән беретін халық табиғатпен және бір-бірімен гормониялық келісімде ырымдары, жөн-жоралғыларын жасайды.  Жалпы қазақтың соғымы үлкен мән, мағыналы, ғылыми негіздегі халал пайымды әрекет. Малды міндетті түрде таза жерде дәретімен Аллаһуакпарын айтып ниет етіп бауыздап, қанын әбден шығару шарт. Мәселе ет мүшелегеннен кейін жасалатын алғашқы технологиялық процестерде жатыр. Наурыз көженің ерекше дәмін келтіретінде-дұрыс дайындалып жақсы сақталған кәделі жілік етімен сүзбе қатық қоспасы және жақсы түктеліп сақталған бидай дәні. Бұл жердегі ниет Алланың бергеніне шүкір етіп, мал жаны айдан аман, жылдан есен, бір дәні бір дәніне жетсін деген тілек. 
4.Ас тұзы-киелі зат. Шығыс халықтары тұзға жеңіл-желпі қарауға, үстел үстіне, жолға төгуге болмайды деп кие тұтады. Иодталып сақталған ас тұзы тағамның дәмін келтіруші ғана емес, сақтау, түрлі зиянды микро ағзалардан қорғауғада пайдасы мол. 
5.Қара бұрыш, қалампыр, бұлар дәмдеуші және қасиетті зат болып саналады. Сондықтан сақтайтын етке салады. Наурыз көжеге қасиетті зат ретінде ырыммен қосады. 
6.Көк жемісі (пиязы, зәйтүн) сарымсақты біз ас дәмі ретінде қабылдаймыз. Шынтуайтында ол ас дәмдеуші ғана емес, ағзаға өте қажетті, қорғаушы және аурудан сақтаушы зат. 
7.Су мен дем-адам жаны. Адам ағзасының 70 пайызын құраушы судың өзі тірі ағза. Барлық ақпаратты сақтаушы өмір өзені. 
Жаңағы алты дәнді ұлыстың ұлы күніне қалай бағыштап,  қандай ниет тілекпен сақтаған ақпарат да осы суда. Бұл жердегі еске алатын жағдай судың табиғи таза тірі су болуы өте маңызды. Осылай табиғат заңдылықтарымен үйлесімді дайындалатын Ұлыстың ұлы күнінің маңызды асы Наурыз көже тағамтану ғылымының талаптарынада сай келеді. 

Наурыз мейрамында қазақтың берекелі дастарханына қойылатын Ұлы күнінің киелі асы Наурыз көжемен бірге ерекше маңызды жеті түрлі ас-тағамдары дайындалады.
1.Қымыз ерекше технологиямен сақталады. Онда ішкі, сыртқы температура, орын жай, яғни кеңістік пен уақыт межесі мұқият ескеріледі. Ол технологиялық процестері дұрыс сақталған, күзгі бабына келген сары қымыз болады. Жалпы сақталған қымыз дәмді, сіңімді әрі адам ағзасына өте қажетті минералдық заттарға бай болады.                                                                                                                                

2.Ет тағамдары: жоғарыда айтылған технологиялық процестермен дайындалып сақталған қазы-қарта, жал-жая, шұжық, әсіп, кәделі жіліктер, мәнті, тұшпаралар, қарынға салған қуырдақтар.

3.Сүт тағамдары: май-сарымай, ақмай, жұмсартылған май; құрт-жарма құрт, шақпа құрт, малта құрт, езбе құрт; ірімшік-ақірімшік, мәйек ірімшік, үрме ірімшік; қаймақ-бал қаймақ, жал қаймақ, қазан қаймақ, қоспа қаймақ т.б.

4.Жарма тағамдары: тары-майсөк, қуырған сөк, бөртпе сөк, сөк көже; жент-май жент, жарма жент, үрме жент, талқан т.б

5.Ұн тағамдары: бауырсақ 20-дайтүрлі; құймақ-сүт құймақ, май құймақ, жеті шелпек, орамалар.
6.Көк жеміс жидектер: Қазір жеміс жидектердің бәрі бар. Дегенменде қазақ дастарханында өрік, миіз, жүзім, алма, болуы маңызды. 
7.Наурызда алғашқы төлдеген мал уызын бүйенге салып, дәніміз дәнге қосылды деген ырыммен наурыз көжеге салып қатырады.                                                                   
Осы аталған тағамдар тойдың ажары, дастарханның сәні ғана емес, бұлар адам өмірінің нәрі. Мәселен жоғарыда айтылған технологиялық процестері сақталған құнарлы еттің, ас дәмі падишасы сүзбе қатықпен әрленген сүрлем сорпасын және бабы жетіп сақталған сары қымызды жүйелі рецептурамен ішкен адамның қуаты тасып, күші толып, анемия, әлсіздік дегендерден аулақ болады.  
Наурыз түні жоғарыда айтылған мазмұн мағнасы түгел ойластырылған, сақтау технологиясына дейін қарастырылған жеті дәнді: «Айдан аман, жылдан есен» өтіп, ескі жылдағы дәм тұзын жаңа жылғы дәніне қосуға ырыздық несібе берген Аллаға мыңда бір шүкір айтып, жыл басы «Ұлыстың Ұлы күні» жаңа жылдада ырыздық несібесі, құт берекесі мол болуын тілеген ізгі-ниетпен қасиетті қара қазанға салып пісіреді. 
Бұл жердегі жеті қазынаның бірі қасиетті қара қазанның орны бөлек. 
Қазақ Ұлыс күні қазан көтеруді жақсы ырымға санайды. «Түтінім-өшпесін, дәмім үзілмесін» деп ұрпақ жалғастығына ерекше мән беретін халық табиғатпен және 
бір-бірімен гормониялық келісімде ырымдарын жасайды, жөн-жоралғыларын істейді.  

Міне осылай Ұлыстың ұлы күнінің киелі асы наурыз көже ниеттен басталып, жүйелі іс-әрекеттің нақты пайымдарымен өз мәресіне жетіп, жан біткенге шаттық сыйлап, ырыздық,  береке-бірлік әкеледі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру