присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Норвегияда 100 жылға жететін минералды кен орны табылды

13 шілде 2023 09:56
Норвегияда 100 жылға жететін минералды кен орны табылды

Норвегияның оңтүстік-батысында сирек кездесетін пайдалы қазбалардың кен орны табылды. Ол планетадағы ең үлкен минералды кен орны болып отыр.

Бұл кен орындары тыңайтқыштарға, күн батареяларына және электр көліктерінің аккумуляторларына әлемдік сұранысты 100 жылға дейін қанағаттандыра алады.

2018 жылдан бері осы жерді өндірумен айналысатын Norge Mining компаниясы 70 млн тонна пайдалы қазбаның табылғанын хабарлады.

Олардың ішінде көптеген «жасыл» технологияларды дамытудың негізгі элементі болып саналатын фосфат, әсіресе фосфатты тыңайтқыштарды өндіру үшін кеңінен қолданылады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру