присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«Нұр Отан» праймеризіне 10 990 адам тіркелген

20 қараша 2020 15:50
«Нұр Отан» праймеризіне 10 990 адам тіркелген

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның праймеризіне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Taunews.kz.  

«Осы демалыс күндері «Нұр Отан» ХДП-на үміткерлерді тіркеудің қорытындылары шығарылды. Партия лидері Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен партияішілік іріктеу алғаш рет партияны қайта қалпына келтірудің және жаңартудың соңғы кезеңі бола отырып, жалпыұлттық ауқымда өтуде», - деді Байбек өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар, ол праймеризге қай өңірлерден көп өтініш түскенін айтып, өтініш берген азаматтарға өзінің алғысын білдірді.  

«Мәселен, 17-28 тамыз аралығында 10990 адам тіркелді. Оның 36,9%-ы әйелдер, 29,6%-ы 35 жасқа дейінгі жастар. Егер партия ұйымдарынан 3090 азамат ұсынылған болса, онда 7900 азамат өзін-өзі ұсынған», - деді ол. 

Қатысушылардың орташа жасы 43 жасты құрайды.  

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру