присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Отандық банктер қашықтан несие бере бастайды

30 қыркүйек 2020 17:31
Отандық банктер қашықтан несие бере бастайды

Қазақстан Ұлттық банкі осы жылғы 1 қазаннан бастап қаржылық қызметтерді қашықтан алу үшін биометриялық сәйкестендіру сервисін пайдаланып бастайды, деп хабарлайды Taunews.kz.      

Сервистің «бет әлпетті тану» технологиясы арқылы қаржылық қызметті қашықтан алуға болады. Клиенттерге банк шоттары мен депозиттерді ашу, төлем карточкаларын шығару, кредиттеу сияқты қызмет түрлері көрсетіледі.    

«Қашықтан биометриялық сәйкестендіруді енгізу әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайдың аясында жаңа қауіп-қатерлерге жауап береді. Сервисті қаржы қоғамдастығының пайдалануы халыққа қашықтан көрсету тәсілімен ұсынылатын қызметтер тізімін кеңейтеді», - деді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.  

Аталған сервис банктерге, сақтандыру компанияларына, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, төлем және микроқаржы ұйымдарына қолжетімді болып табылады.     

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру