присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

ОСК облыс орталығы мен аудан әкімдерін сайлауға қатысты мәлімдеме жасады

14 қыркүйек 2023 15:52
ОСК облыс орталығы мен аудан әкімдерін сайлауға қатысты мәлімдеме жасады

Орталық сайлау комиссиясы облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әкімдерін сайлау бойынша мәлімдеме жасады.

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 16 наурызда жасаған Жолдауында Үкіметке 2023 жылдан бастап пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды тапсырған болатын.

Енді сол сайлау 5 қарашаға белгіленіп отыр. Бұл ретте халық 3 облыстық маңызы бар қала мен 42 аудан әкімін сайлайды. Үміткерлерді ұсыну 16 қыркүйекте басталып, 5 қазанда аяқталады. Одан кейін барлығын тіркейді. Ал сайлау алдындағы үгіт-насихатқа 24 күн (10 қазан мен 4 қараша аралығы) беріледі.

Ал сайлаудың қорытындысы бір аптаның ішінде, 11 қазаннан кешіктірілмей жарияланады.

Бұған дейін Қарағанды облыстық мәслихаты 2 аудан мен 1 қала әкімін сайлауды өткізетінін мәлімдеген еді. Атап айтқанда, ондағы жергілікті тұрғындар әкімді Ақтоғай және Осакаров аудандарында, сондай-ақ Приозерск қаласында сайлайды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру