присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Прагадағы Карл университетіне шабуылдаушы бірнеше адамды қырып салды

22 желтоқсан 2023 09:58
Прагадағы Карл университетіне шабуылдаушы бірнеше адамды қырып салды

21 желтоқсанда Праганың орталығындағы Ян Палах алаңында Карл университеті философия факультетінің ғимаратында атыс болып, салдарынан 15 адам қаза тапты. Тағы 20 шақты адам жараланған.

Құқық қорғау органдары факультет ғимаратында оқ атқан адамның өлтірілгені туралы хабарлама жариялады. Ал Прага қаласының мэрі Богуслав Свобода Чехия қоғамдық телеарнасына шабуылдаған адамның биіктен секіріп кеткенін айтты.

Seznam басылымының жазуынша, оқ атқан адамның аты-жөні – Дэвид К. Ол факультет ғимаратының сыртқы қоршауымен жүріп келе жатып, ішіндегі адамдарға ғана емес, өтіп бара жатқан адамдарға да оқ жаудырған.

Оқиға орнына Ішкі істер министрі Вит Ракушан келген.

Азаматтарды оқиға орнына көру үшін келіп, қарамауға шақырамын. Мен жұртшылықты сендіргім келеді: атқыш залалсыздандырылды, басқа шабуылшының бар екені расталмады, – деді Вит Ракушан CT телеарнасына берген сұхбатында.

Шабуылшының Чехия азаматы екені айтылды, бірақ оның не үшін оқ атқаны белгісіз.

iDnes веб-сайты қолда бар фотосуреттеріне сүйеніп, ұзын ұңғылы атыс қаруы бар ер адамның факультет дәлізімен келе жатқанын жазды. Seznam оның қаруы ZEV 308 Win AR10 винтовкасы екенін айтады.

Айта кетсек, Прага негізінен әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың бірі саналады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру