Сарыағашта 5 жасар қыздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты
Түркістан облысында бес жасар қыз баланы өлтірді деген күдікті екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Түркістан соттары Facebook парақшасында хабарлады.
Соттың 2023 жылғы 15-шілдедегі қаулысымен күдікті Г.С-ға 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы санкцияланды.
Тергеп-тексеру органы күдікті тағылған айыптардың аса ауыр қылмыстар санатына жататынын, бұған дейін де аса ауыр, ауыр санаттағы қылмыстарды жасағаны үшін сотты болғанын, оның бостандықта жүріп жәбірленушіге, куәларға қысым көрсету ықтималдығын, істі объективті тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіруі мүмкін екендігін көрсетіп, соттан күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауды сұраған, - делінген хабарламада.
Іс материалдарына сәйкес, күдікті Г.С 13-шілде күні сағат 13:30 шамасында мас халде өзінің үйіне келе жатып, ойнап жүрген кішкентай қызды көріп, «жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру мақсатында» оны үйіне алдап шақырған.
Күш қолдану арқылы жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді қасақана жасаған. Одан әрі ол өзінің қасақана жасаған аса ауыр қылмысын жасыру мақсатында жәбірленуші Е.Н-ы асхана пышағымен көкірек торы мен іш-аумағынан бірнеше рет шаншылап-кескілеп, қасақана өлтірген, - делінген соттың хабарламасында. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ