присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Шерзат Болаттың өлімі: облыс әкімі халықты полицияға сенуге шақырды

13 желтоқсан 2024 12:22
Шерзат Болаттың өлімі: облыс әкімі халықты полицияға сенуге шақырды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат және оның ағасының өлімін тәртіп сақшылары тергеп жатқанын айтып, құқық қорғау органдары берген ақпаратқа сенуге шақырды.

Біз (Шерзат Болаттың – автор) отбасына көңіл айтамыз. Жалпы, бұл мәселе біздің назарымызда. Құқық қорғау органдары өз жұмысын атқарып жатыр. Қазіргі таңда (іс) ішкі істер министрі мен бас прокурордың жеке бақылауында. Сондықтан біздің аудиторияға айтқым келгені – сабыр сақтап, құқық қорғау органдары берген мәліметтерге көңіл бөліп, сену. Қазір олар ашық жұмыс істеп отыр. Әр жұмысы бойынша баспасөз құралдарында (ақпарат) жариялап жатыр, – деді Марат Сұлтанғазиев ОҚК-де өткен баспасөз мәслихатында.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру