присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

ШҚО-да 3-курс студенті 15 жастағы баладан ақша бопсалап келген

23 қараша 2023 14:49
ШҚО-да 3-курс студенті 15 жастағы баладан ақша бопсалап келген

ШҚО-да бозбала өзінен кіші баладан қомақты сомада ақша бопсалаған. Бұл фактіні Риддер қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы анықтады.

15 жастағы ұл биыл маусым айынан бастап басқа оқу орнының 3-курс студенті өзінен ақша бопсалап келгенін айтқан.

Бес ай ішінде жәбірленуші күдіктіге 175 мың теңге берген. Қазір полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі («Бопсалау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, айыппұл немесе 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру