присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Шығыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

16 маусым 2023 10:39
Шығыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысына Ермек Көшербаев әкім болып тағайындалды.

1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша бітірді.

1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.

Қазақ, орыс, ағылшын және кәріс тілдерін біледі.

Үйленген, 2 баласы бар. Ұлы – Дастан (1988), қызы – Дәмелі (1993);

Жұбайы – Динара Маркенқызы Шайжүнісова.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Ермек Көшербаев еңбек жолын 1988 жылы Алматыда № 170 орта мектепте тарих мұғалімі болып бастаған.

1988-1991 жылдары - ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі;

1993-1994 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі;

1994-1996 жылдары - ҚР президенті аппаратының халықаралық бөлімінің консультанты, Президент аппараты протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы;

1996-1997 жылдары - ҚР Швейцариядағы елшілігінің бірінші хатшысы;

1997 жылы ҚР Сыртқы істер министірлігінің көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы;

1997 - 1999 жылдары – ҚР премьер-министрінің көмекшісі;

2000 жылы қаңтар-қазан аралығында – «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» қоғамдық қоры директорының орынбасары, бірінші орынбасары;

2000-2001 жылдары – «ҚазТрансОйл» ЖАҚ баспасөз қызметінің басшысы, мұнай тасымалдау бойынша президент аппаратының басшысы;

2001-2003 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ЖАҚ аппарат басшысы, бірінші вице-президенттің кеңесшісі, президент аппаратының жетекшісі;

2003 - 2004 жылдары – «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директоры;

2004 жылы мамыр-тамыз аралығында – «Отан» республикалық саяси партиясының орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары;

2004 – 2005 жылдары – «КазМунайГаз» АҚ президент аппаратының жетекшісі;

2005 -2006 жылдары – «Атамекен» жалпыұлттық одағы атқарушы директорының бірінші орынбасары;

2006-2007 жылдары – «Отан» республикалық саяси партиясы қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы;

2007 жылы қаңтар – шілде аралығында – «Беркут» қаржы-өндірістік тобы» ЖШС директоры;

2007-2008 жылдары – «KazEnergy» қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық ұйымдары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры;

2008 -2009 жылдары – «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директоры;

2009 – 2010 жылдары – АО «НК «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацисы» ҰК АҚ басқарма төрағасы;

2010-2014 жылдары - ШҚО әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;

2014-2016 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

2016-2018 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;

2018-2019 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы;

2019 жылдың 1 желтоқсанынан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары міндетін атқарды;

Көшербаев соңғы қызметте инвестициялар комитеті, сыртқы экономикалық саясат департаменті және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының жұмысын үйлестірді.

2020 жылдан бастап Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болды

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру