Шымкентте полиция қызметінің басшылары сотталды
Шымкент қаласы ПД жергілікті полиция қызметінің басшылары жүйелі түрде жемқорлықпен айналысқан қылмыстары үшін сотталды.
Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 4-рота командирі Қ. Әлімханов пен 8-рота командирі Н. Мырзалиевке қатысты үкім шығарды. Олар 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сотталғандарды Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы әшкерелеген болатын. Олар қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін тұрақты негізде қарамағындағы полицейлерден 5-тен 10 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алды деп айыпталды.
Бұдан басқа, Әлімханов әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін өзінің қарамағындағылар арқылы Шымкент қаласының тұрғынынан 130 мың теңге сомасында заңсыз сыйақы алған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ІІМ-нің жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында бірлескен жұмысы жалғасып жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ