присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Шымкенттің аудандық 15 мектебінде заң бұзушылықтар анықталды

20 маусым 2023 14:49
Шымкенттің аудандық 15 мектебінде заң бұзушылықтар анықталды

Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған білім беру саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізіп, заң бұзушылықтар анықтады.

Атап айтқанда, Қаратау ауданы аумағында орналасқан 15 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар талаптарын бұзатындығын анықталған.

Аудан прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2 мың 63 баланың құқықтары қалпына келтірілді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру