присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

СҚО-да кәріз тазаламақ болған шошқа кешенінің төрт жұмысшысы қаза тапты

02 тамыз 2023 11:57
СҚО-да кәріз тазаламақ болған шошқа кешенінің төрт жұмысшысы қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында кәріз тазаламақ болған шошқа кешенінің төрт жұмысшысы қаза тапты.

Қайғылы жағдай Тайынша ауданында орналасқан «EMC AGRO» компаниясында болған.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, компанияның төрт қызметкері Новоивановка ауылындағы бордақылау алаңынан жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін шықпаған.

Тереңдігі 8 метр кәрізді тазалау кезінде төртеуі де қаза тапқаны анықталды, - делінген ақпаратта.

Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Айдарбек Сапаров барды. Сондай-ақ полиция департаменті, мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерлері оқиға орнында.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Полицияның хабарлауынша, 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған.

Олардың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Бұл факті қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігі «еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру