Тұтынушыларға жылу үшін 957 млн теңге қайтарылады
Қазақстанда тұтынушыларға жылу үшін 957 млн 807 мың теңге қайтарылады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгінде Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан бойынша жылу энергиясын есепке алу құралы жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу бойынша жұмысты аяқтады.
Жұмыс табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес жүргізілді. Қайта есептеу нәтижесі бойынша қаражатты есептеуді қайтару халықтың дербес шотында жылу маусымында (2023-2024 жылдар) не күнтізбелік жылда (2023 жылдың соңына дейін) аванс (сальдо) түрінде жеке жазылады.
2022-2023 жылдардағы жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлеміне ҚҚС-ты ескеріп, жалпы сомасы 957 млн 807,22 мың теңгеге қайта есептеу жүргізді:
- Астана – 514,491 мың теңге;
- Алматы – 15 876,45 мың теңге;
- Абай облысы – 755,134 мың теңге;
- Алматы облысы – 9 199,56 мың теңге;
- Ақмола облысы – 18 924,83 мың теңге;
- Атырау облысы – 11 640,57 мың теңге;
- Ақтөбе облысы – 6 211 мың теңге;
- Шығыс Қазақстан облысы – 445 840,44 мың теңге;
- Жамбыл облысы – 79 096,62 мың теңге;
- Батыс Қазақстан облысы – 1 976,25 мың теңге;
- Қарағанды облысы – 338 261,08 мың теңге;
- Қызылорда облысы – 21 627,50 мың теңге;
- Маңғыстау облысы – 1 214,63 мың теңге;
- Павлодар облысы – 2 044,91 мың теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 4 623,75 мың теңге.
Шымкент, Жетісу, Ұлытау, Қостанай, Түркістан облыстарының тұтынушылары қайта есептеу жүргізбеген. Өйткені жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескеріп жүргізілді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ