Тағы бір қазақстандық ғарышқа аттануы мүмкін
Тағы бір қазақстандық ғарышқа аттануы мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министр Бағдат Мусин айтты.
Министрдің айтуынша, ғарышкерді Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үшін арнайы ғылыми бағдарлама керек.
«Бізде бірлескен бастама бар. Ғылыми институттармен бірлесіп, зерттеулерді жалғастыру мүмкіндігін пысықтап жатырмыз. Олар Халықаралық ғарыш станциясында алтыншы бағдарлама шеңберінде зерттеулер тізбесін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Ғылыми бағдарлама таңдалғаннан кейін, яғни біз уақытты анықтап, қазақстандық ғарышкерді Халықаралық ғарыш станциясына жіберу туралы айта аламыз.
Біз ғарышкерді ол жаққа мақсатсыз жібере алмаймыз. Ол үшін тиісті ғылыми бағдарлама қажет», - деді Бағдат Мусин.
Министр бүгінде бірнеше ғылыми бағдарлама әзірленіп жатқанын атап өтті.
Комиссия осы бағдарламаларды таңдайды. Нәтижесінде сол ғылыми бағдарламаға сәйкес ғарышкер де таңдалады. Біз жұмысты енді бастап жатырмыз. Қазір мен нақты уақытын айта алмаймын. Өйткені бәрі бюджеттен қаржыландыруға байланысты, - деді ведомство басшысы.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ