присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Таиландта жүрген Қазақстан азаматы 45 тәулікке қамауға алынды

13 маусым 2023 16:36
Таиландта жүрген Қазақстан азаматы 45 тәулікке қамауға алынды

Таиландта жүрген Қазақстан азаматы 45 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

БАҚ өкілдері Сыртқы істер министрлігінің өкілінен Таиландта жүрген қазақстандықтың Ресей азаматына жасаған шабуылы туралы сұрады.

«Біз тай билігінен ақпарат сұраттық. Олар мәліметті растады. Оның Қазақстан азаматы екені анықталды. Тай полициясы оны 45 тәулікке қамауға алды. Қазақстан азаматы визалық режимді 4 күнге бұзған. Басқа ақпарат түспеді. Оған тек миграциялық режимді бұзды деп айып тағылып отыр. Қазақстанның Таиландтағы елшілігі тай полициясымен үнемі байланыста», - деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, жуырда Таиландқа демалуға барған Қазақстанның екі азаматы суға батып өлді. Қайғылы оқиға 1 маусымда және 3 маусымда болды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру