присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Таразда робот сот орындаушысы іске қосылды

22 қаңтар 2024 10:50
Таразда робот сот орындаушысы іске қосылды

Әділет министрлігі республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында оңтайландырылған атқарушылық өндірісті енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі

Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда, айыппұлдың 25%-ға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын. Енді бұл қызметті робот тегін атқарады.

Жаңа жобаның арқасында ел азаматтары 2 млрд теңгеге дейін үнемдей алады.

Жүйе алгоритмі мына тәртіппен жұмыс істейді:

  • Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 50 күн ішінде төленбеген әкімшілік құқықбұзушылық үшін айыппұл сомасын өндіріп алу туралы ұйғарым жібереді;
  • Робот 5 күнтізбелік күн ішінде талапты орындау қажеттілігі туралы SMS хабарлама жібереді;
  • Айыппұл бойынша ерікті төлем болмаған жағдайда, жүйе жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындауға атқару парағын ұсынады;
  • Төлем уақтылы жүргізілсе, атқарушылық іс жүргізу артық шығынсыз тоқтатылады.

Жоба сәтті әске асатын болса, оны бүкіл Қазақстан аумағына енгізу жоспарланып отыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру