Теміртау көшесінде бұзақылар 2 тұрғынға күш көрсетіп, тонап кеткен
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты ескіқалалық полиция бөліміне қаланың 21 жастағы екі тұрғыны арызданды. Олар өздеріне белгісіз азаматтардың шабуыл жасағанын айтқан.
Күдіктілер жәбірленушілерге күш қолдану арқылы бағалы заттарын алып, оқиға орнынан іздерін жасырған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион 47 мың теңгені құраған.
Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шарасы барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 19-22 жас аралығындағы екі азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ