присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тоқаев Италияға ресми сапармен барды

18 қаңтар 2024 09:58
Тоқаев Италияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды, деп хабарлады Ақорда. 

Қазақстан президентін Рим әуежайынан Италияның қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия президенті Серджо Маттарелламен, премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

Қазақстан президенті 19 қаңтарда Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру