присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Яндекс картасы қазақша сөйлей бастады

13 маусым 2023 14:17
Яндекс картасы қазақша сөйлей бастады

Бұдан былай «Яндекс Карты» навигациялық қосымшасы Қазақстанда тек орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де қолжетімді болады. Топонимдар мен ұйым атаулары ғана емес, қосымша интерфейсі, сондай-ақ маршрутты анықтауға көмектесетін дабыстық кеңес те қазақ тіліне аударылды.

Бүгінде Қазақстанда 2,3 миллионнан астам адам «Яндекс Карты» қосымшасын пайдаланады, бұл бір жыл бұрынғыдан 2 есе көп.

«Біз Қазақстанның барша халқына барынша ыңғайлы навигациялық қосымша ұсынуға ұмтылып жатырмыз. Енді ол тек орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де қолжетімді болғандықтан, біз осы мақсатқа жақындай бастадық. Дауыстық кеңестердің қазақ тілінде пайда болуының маңыздылығы туралы бөлек атап өткім келеді, өйткені оны Қазақстандағы Яндекс Карты қолданушыларының 90%-ы пайдаланады», - дейді Яндекс Карты өнімінің халықаралық басшысы Евгений Шильников.

Қазір «Яндекс Карты» қосымшасын iOS пен Android-та жаңартуға болады. Қосымшаны Google Play Market немесе AppStore-ден жүктеуге болады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру