Екпінді желге байланысты өрттің таралу қаупі бар – ТЖМ
Екпінді желге байланысты өрттің таралуының қаупі бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Температураның жоғарылауына және екпінді желге байланысты өрттің таралу қаупі бар, алайда бізде өртті оқшаулау үшін күштер мен құралдардың тобы жеткілікті, – деді министр.
Орман өртін сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар, Қорғаныс министрлігі мен ІІМ-нен 1500-ге жуық адам, 300-ден астам техника жұмылдырылды. Сондай-ақ өрт ошақтарына су төгу үшін су ағызу құрылғылары бар 12 тікұшақ және өрт аумағын аэровизуалды тексеруді жүзеге асыру үшін 2 тікұшақ тартылды. Өрт басталғалы бері барлығы 1 мың 17 рет көлемі 3 мың тоннадан аса су ағызылды.
Ұшу кезінде министр шығыс бағытта өрттің белсенділігі байқалғанын, дегенмен авиациялық техникамен және жерүсті топтармен жану ошақтарын жойып, өртті сөндіру үшін күштер мен құралдарды жұмылдыруда нақты міндеттер қойылғанын атап өтті.
Сонымен қатар министр жұмылдырылған күштер мен құралдардың жедел іс-әрекеттерінің арқасында өрттің таралуын тоқтатуға қол жеткізілгенін айтты. Қазір жедел штабтың деректері бойынша өрттің жалпы көлемі 60 мың гектарды құрайды, оның 43 мың гектарында жану ошақтары байқалады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ