присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елімізде 514 мыңнан аса адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

19 маусым 2023 10:22
Елімізде 514 мыңнан аса адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

1 маусымдағы жағдай бойынша 98 мың отбасындағы 514,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл осыған бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінген.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне, жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 жастан бастап 6 жастағы балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, яғни 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 жыл – 5175 теңге) қосымша төлем түріне  ауыстырылды.

Сонлдай-ақ 1 маусымдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 157,2 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды.

Қазір қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру