присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елімізде 9 банк жабылатын болды

10 шілде 2023 11:45
Елімізде 9 банк жабылатын болды

Қазақстанда 9 банкті тарату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжатта банк саласының проблемалары көрсетілген

Қазақстан нарығында екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. Бұл ретте 9 банк бойынша тарату процесі жүріп жатыр

2022 жылдың басынан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (агенттік) екінші деңгейлі банктің басшы қызметкері лауазымына 13 кандидатты келісуден бас тартты. Бағалы қағаздар нарығында 49 субъект жұмыс істейді, бұл ретте 2022 жылдың басынан бастап агенттік басшы қызметкер лауазымына 10 кандидатты келісуден бас тартты. Сақтандыру секторында 26 ұйым жұмыс істейді, 2022 жылдан бастап уәкілетті орган басшысы лауазымына 11 кандидатты келісуден бас тартты», - деп жазылған хабарламада.

Микронесие беру секторында 252 микроқаржы ұйымының микроқаржылық қызметті іске асыруға арналған лицензиясы бар. Бұл ретте 2022 жылдың басынан бастап 17 компания лицензиясынан айырылды.

Агенттік мәліметінше, төмендегі 9 банк жұмысын тоқтады:

Валют-транзит банк;

Казинвестбанк;

Delta Bank;

Эксимбанк Казахстан;

Астана банкі;

Qazaq Banki;

Tengri Bank;

AsiaCredit Bank;

CapitalBank Kazakhstan.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру