присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елімізде су саясатын ілгерлету маңызды

01 қыркүйек 2023 18:57
Елімізде су саясатын ілгерлету маңызды

Қазақстанға Орталық Азиядағы су ресурстарының 18 пайыздан астамы ғана тиесілі екені мәлім, сәйкесінше, еліміздегі су қорының 40 пайызға жуығы көрші мемлекеттерден келеді. Өз кезегінде, су мәселесі ұлттық қауіпсіздіктің негізгі тармағы ретінде күн тәртібіне еніп отыр. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару акдемиясы Дипломатия институтының қызметкері Бауыржан Бағлай Мемлекет басшысы су ресурсын басқаруға қатысты пікірімен бөлісті.


«Әлемдік тәжірибеде «water governance» ұғымы мемлекет тарапынан су ресурсын жүйелі басқару мен тиімді пайдалануды көздейді. Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында Су секторына арнайы мән беріп, жеке министрлік ретінде құру туралы бастама уақытылы қабылданған шешім деп білемін. Жуырда құрылатын «Су ресурстары және ирригация министрлігі» еліміздегі су саясатын ілгерлетіп, су инфроқұрылымын жетілдіру бойынша кешенді жұмыстар жасауы тиіс. Сонымен қатар өз құзыреттілігі шеңберінде трансшекаралық су ресурстары бойынша келіссөздер мен талқылауларда мемлекеттік мүддені ілгерлетуде басымдыққа ие болмақ. Сондай-ақ салалық ведомства ретінде су мәселелері бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдар мен өзге де мүдделі тараптармен байланысты жаңа деңгейге көтеруге, сол арқылы елімізге суды тиімді пайдалану бойынша жаңа технологиялар енгізуге мүмкіндік тумақ», – деп атап өтті сарапшы.
Оның айтуынша, Орталық Азия өңірінің ауылшаруашылығының 75 пайызы суармалы болып табылатынын, әрі еліміздің төменгі ағыста орналасуы су ресурсы бойынша көрші елдермен тиімді әрі жүйелі байланыс орнату, достық пен серіктестікке негізделген «су дипломатиясын» жүргізуді қажет етеді.


«Су секторы саласындағы маңызды компонент «capacity building», яғни әлеуетті шыңдау кәсіби мамандар даярлауды көздейді. Осы ретте, Академия «Орталық Азиядағы климаттық өзгерістерге төзімділікті күшейту және қауіпсіздікті арттыру мақсатында су секторында жоғары білімді нығайту» жөніндегі Erasmus+ жобасы аясында су секторы саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін басқарушылардың жаңа буынын даярлау, Орта Азия мемлекеттерінің арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған жобаның белсенді мүшесі», – деді Бауыржан Бағлай.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру