Елордада 38 мың литр жанар-жағармайдың заңсыз айналымы анықталды
Астанада мұнай өнімінің заңсыз айналымы анықталды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.
Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті рейдтік іс-шаралар барысында жалпы сомасы 5 млн теңге (38 мың литр) болатын бензин мен дизель отынының заңсыз айналымын анықтады. Мұнай өніміне ілеспе жүкқұжаттар болмаған, - деп жазылған хабарламада.
Салық төлеушілерге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 283-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Еске сала кетсек, биыл 1 сәуірден бастап мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне тауарларға ілеспе жүкқұжаттары міндетті түрде рәсімделеді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ