Жамбыл облысында таулы аймақ өртенді
Жамбыл облысында таулы аймақ өртенді.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 8.38-де Жамбыл облысының Т. Рысқұлов атындағы ауданында таулы жерде құрғақ шөп өрті оқшауланған. Таудың басында болып жатқан өрттің ауданы анықталып жатыр.
Оқиға орнында ТЖД жеке құрамнан 45 адам мен 6 арнайы техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 30 адам және 5 техника, орман шаруашылығынан 30 адам және 2 техника жұмылдырылды.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, Жамбыл облысының өрт сөндірушілерінің күшімен 48 гектар алаңдағы өрт сағат 10-30-да сөндірілді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ