Жайық өзенінде қайықтар соқтығысып, 9 адам зардап шекті
Атырауда моторлы қайықтардың соқтығысуы салдарынан 9 адам ауруханаға жеткізілді.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, кеше сағат 20:05 шамасында Жайық өзенінде қайықтар соқтығысқан. Олар өзенде адамдарды серуендету қызметін атқарған. Біреуінде 10, екіншісінде 25 адам болған. Әртүрлі дене жарақатын алған 9 адам ауруханаға жеткізілген.
Қазір ҚР ҚК-нің 344-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ