Жер бетіндегі ең ыстық күн тіркелді
АҚШ-тың ұлттық экологиялық болжау орталығы дүйсенбі күні 3 шілдеде рекордтық жоғарғы орташа температураны тіркеді.
Метеорологтардың мәліметінше, 3 шілдеде жердегі орташа температура цельсий шкаласы бойынша 17 градустан асты. Бұл 1979 жылы бақылаулар басталғалы бері болмаған. Қалыпты емес жоғары температураның болуы, тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі су бетінің температурасының ауытқу салдарынан болып отыр.
Эль-Ниньо-бұл ең күшті табиғи құбылыс. Тынық мұхитының экваторлық және оңтүстік бөлігіндегі су температурасының мезгіл сайын көтерілуінен болады. Бұл барлық планетаның климатына әсер етеді. 2016 жылдың тамызында тіркелген бұрынғы рекорд 16,92 градус болған.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ