присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қаралды

08 қаңтар 2024 12:37
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қаралды

Астанада Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындығына арналған кеңес өтті.

Алқалы жиынға Ұлттық спорт қауымдастығының, Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі дирекциясының басшылығы және Ұлттық спорт федерацияларының президенттері қатысып, атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Жиында сөз алған Ермек Маржықпаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу – еліміз үшін маңызды спорттық іс-шара екенін ерекше атап өткенін жеткізді.

Ойындардың басталуына бір жылдан аз уақыт қалды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тиісті деңгейде ұйымдастырумыз қажет. Бүгінге дейін қандай шаралар атқарылды, алда қандай міндеттер тұр, сонымен қатар қандай мәселелер бар екенін анықтауымыз қажет. Ойындарға дайындық туралы айтсақ, әзірге іс-шаралар жоспар бойынша жүргізілуде. Ұлттық спорт түрлерінен құрама командалардың дайындығы талап етілуі керек. Сонымен қатар спортшыларға жақсы жағдай жасап, қаржы мәселесі толық шешілуге тиіс, – деді министр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру