присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Атырау облысында ауылдарды құм басып қалу қаупі бар

07 қыркүйек 2023 15:26
Атырау облысында ауылдарды құм басып қалу қаупі бар

Атырау облысының 6 елді мекенін құм басып қалуы мүмкін. Билік онымен сексеуіл егу арқылы күреспек, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

Құм дөңдерінен қауіп төнген елді мекендердің бірі – Қарабау ауылы. Ол жерде жайылым жоқтың қасы, ауыз су жетпейді, құдықтарды құм бітеп тастаған.

Жергілікті билік Қарабауды 40 гектар аумақта егілген сексеуілмен қоршау жасау арқылы қорғауды көздеп отыр. Ауылды шаңды дауылдан құтқару шаралары 2015 жылы басталған. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 1,5 миллион теңгеге қаңқалы қорған салынды. Содан 8 жылдан кейін бұл құрылымды қайта нығайту қажет болып тұр.

Қазір ең қауіпті жерлер анықталды. Құм төбелерінен қорғау жұмыстарының ауқымы кең, 30 гектардан астам аумақты қамту қажет, - дейді табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Қалиева.

Облыста қазірдің өзінде 6 ауылды құм басып, құм төбелері тағы 30 ауылға жақындаған. Сексеуіл қоршаулары құмды ұстап тұруы керек. Жасыл белдеуден құралатын мұндай құрылысқа облыстық бюджеттен 367 миллион теңге жұмсалады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру