Қазақстандықтардың 30%-ы медициналық тексеруден өтпейді – зерттеу нәтижесі
Денсаулық сақтау саласындағы жетекші еуропалық зерттеуге екінші жыл қатарынан Қазақстан туралы деректер енгізілді. STADA Health Report халықаралық зерттеуінің нәтижесін жариялады.
Еуразия өңіріндегі STADA вице-президенті Арминас Мацевичустің мәліметінше, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 38 пайызы денсаулық сақтау жүйесі деңгейіне қанағаттанарлық деген баға берген.
Зерттеу нәтижесі бойынша біз қазақстандықтардың 30 пайызы медициналық тексеруден өтпейтіні анықталды. Кейбір тұрғындар қандай медициналық тексеруден өту керек екенін білмейтінін айтқан, - деді ол.
Сондай-ақ, респонденттердің 37 пайызы түрлі дәрумендерді сатып алуға ерекше мән беріп отырғанын айтса, 26 пайызы денсаулыққа пайдалы азық-түлік өнімдерін сатып алатындарын атап өткен. Респонденттердің 19 пайызы профилактикалық медициналық тексеруден жиі өтетінін айтып отыр.
Респонденттердің 64 пайызы, яғни әрбір алтыншы адам тұрақты түрде тексеріліп тұратынын көрсеткен. Зерттеу еліміздегі скринингтік бағдарламалардың нәтижелі жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Скринингтердің арасында ең танымал процедура гинекологиялық тексеруге қатысты болған, яғни Қазақстанда әйелдердің 80 пайызы тексеруден өтеді. Осы ретте спикер еуропалық әйелдердің көрсеткіші 70 пайыз деңгейінде екенін атап өтті. Мұнымен қоса, Қазақстанда медициналық тексерулер арасында екінші орында жалпы қан анализі тұр, адамдардың 71% осы сараптамадан өткен.
Сонымен қатар зерттеу қазақстандықтардың жақсы ұйықтайтынын анықтаған, сұраққа жауап бергендердің 87 пайызы ұйқысыздық мазаламайтынын атап өтті.
Есепте қазақстандықтардың өз денсаулығы туралы не ойлайтыны, денсаулық сақтаудың қандай мәселелеріне көбірек көңіл бөлетіні, Денсаулық сақтау министрлігінен не күтетіні, неден көбірек қорқатыны, қалай емделетіні және қалай демалатыны туралы ең өзекті ақпарат беріледі. Дәстүр бойынша, STADA Health Report 2023 зерттеуі халықтың мінез-құлқын, фармацевтикалық және медициналық сауат деңгейін және денсаулық сақтау үрдістерін тереңірек түсінуге көмектесетін деректерді қамтиды, - деді Арминас Мацевичус.
Бұған қоса, спикер зерттеу қазақстандықтардың психологиялық денсаулығының жақсарғанын көрсеткенін атап өтті. Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 23 тармаққа жақсарып, 62 пайызды құраған.
Сондай-ақ Қазақстан медицина саласындағы инновацияларға ашық ел ретінде танылды. Мәселен, Қазақстанда дәрігердің қабылдауына онлайн-жазылу көрсеткіштері орташадан жоғары деңгейде 52 пайызды құрайды, бұл ретте Еуропа бойынша орташа көрсеткіш 45 пайыз, ал Өзбекстанда 13 пайызды құрап отыр, - деді компания өкілі.
Денсаулық сақтау мәселелері бойынша халықаралық сауалнамаға әр елден 2000-ға жуық адам қатысқан. Барлығы 18 бен 99 жас аралығындағы 32 013 адамға сауалнама жүргізілді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ