100 жыл бұрын "Робот" cөзі қолданысқа енді
Осыдан жүз жыл бұрын чех жазушысы Карел Чапек түсінде пьеса көрген. Робот-андроидтар адамдарды толығымен жойып жіберген, деп хабарлайды Taunews.kz.
Жазушы өз түсін ағасы суретші Йозеф Чапекке айтқан. Ол жазушыға "робот" сөзін қолдануды ұсынады. Чех тіліндегі robota – "мәжбүрлі жұмыс" сөзінен алынған. Осылайша, жер бетінде "робот" ұғымы пайда болды.
Бүгінде роботты еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін біледі. Робот-хирург көмегімен күрделі ота жасалады. Роботтар үшін фантаст Айзек Азимов "робототехника қағидаларын" ойлап тапты, сол арқылы робот адамға зиян келтіре алмайды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ