Қытай күнді бақылайтын обсерваторияны орбитаға шығарды
Қытай ғарышқа негізделген күн обсерваториясын (ASO-S) орбитаға шығарды.
Қытай аэроғарыштық ғылым және технология корпорациясының (CASC) хабарлауынша, ұшыру Цзюцюань ғарыш айлағынан Бейжің уақытымен 07.43-те Long March-2D зымыран тасығышының көмегімен ұшырылған
Салмағы 888 кг болатын ASO-S аппараты күнді 720 км синхронды орбитада оның магниттік өрісі мен тәждің массалық лақтырылуын қоса зерттейді. Сондай-ақ Жердегі жабдықтың жұмысына әсер етуі мүмкін энергия шығарындыларының алдын алады.
Обсерватория шамамен 2030 жылға дейін созылатын күн белсенділігінің 25-циклі аясындағы ең қуатты екі күн алауы туралы мәліметтер жинайды. Сонымен қатар күн құбылыстарының себептерін іздейді және олардың өзара байланысының ерекшеліктерін зерттейді.
Ғалымдардың жоспары бойынша құрылғы орбитада кем дегенде 4 жыл жұмыс істеп, күн сайын шамамен 500 гигабайт мәлімет жинап, оны Жерге жібереді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ