присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке кірісті

01 ақпан 2024 11:14
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке кірісті

Бүгіннен бастап Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы қызметіне кірісті.

1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының жаңа құрамы жұмыс істей бастады. Бақытжан Сағынтаевты қосқанда, оның құрамына 10 адам кіріп отыр.

Атап айтқанда, Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы болса, онымен бірге Өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені министрі Говр Барсегян, Ішкі нарық, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян, Бәсекелестік және антимонополиялық реттеу министрі Максим Ермолович, Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий,  Экономика және қарды саясаты министрі Бақыт Сұлтанов, Кедендік ынтымақтастық министрі Эльдар Алишеров, Энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Кожошев, Интеграция жәнге макроэкономика министрі Сергей Глазьев, Сауда министрі Андрей Слепнев алқа комиссиясының мүшесі болды.

Комиссияның мәліметіне қарағанда, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамын былтыр 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары бекіткен.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру