присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қарақат Әбден президентікке үміткерге қойылатын талаптарға сәйкес келеді – ОСК

11 қазан 2022 11:03
Қарақат Әбден президентікке үміткерге қойылатын талаптарға сәйкес келеді – ОСК

Орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбден президентікке үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес келетінін мәлімдеді

Орталық сайлау комиссиясы отырысында 20 қарашада өтетін ҚР президентінің кезектес тыс сайлауына кандидат ретінде ұсынылған Қарақат Әбденнің Қазақстан Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкес екенін анықтау мәселесі қаралды

Жиынға Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігінің жауапты тұлғалары қатысты.

Сондай-ақ Қарақат Әбденді Қазақстан президенттігіне ұсынған «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері шақырылды.

Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Асылбек Смағұлов хабарлауынша, құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай Қарақат Әбденді кандидат ретінде тіркеуге кедергілер жоқ.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесі – 9 жыл, 1 ай.

Лингвистикалық комиссияның 10 қазандағы қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, Қарақат Жақсылыққызы Әбден президентікке үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

Айта кетейік, 7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қарақат Әбденді Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру