присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Президент жеңілдетілген ипотека санын көбейту туралы айтты

05 қазан 2022 11:00
Президент жеңілдетілген ипотека санын көбейту туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуінде жастарға арналған ипотекалық бағдарламаның бюджетін көбейтіп, жеңілдетілген несиенің санын арттыра түсу қажет екенін айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы Қарағанды облысының жұртышылығымен кездесуінде айтты.

Аймақта жеңілдетілген ипотека бағдарламасы бар. Жастар бастапқы жарна ретінде баспана құнының 10 пайызын салып, 19 жылға ипотекалық несие алуына болады. Жылына 5 пайыздық өсіммен 20 миллион теңгеге дейін беріледі. Бұл ипотеканы мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет, спорт және әлеуметтік сала қызметкерлері, журналистер және жоғары оқу орындарының оқытушылары ала алады. Биыл 75 несие берілген. Енді бағдарламаның бюджетін көбейтіп, жеңілдетілген несиенің санын арттыра түсу қажет. Бұл – жергілікті жас отбасыларды, жас мамандарды қолдауға арналған тиімді әдіс. Олар басқа аймақтарға көшпей, туған жерінде еңбек етуге жақсы мүмкіндік алады. Мұндай тәсілді өзге облыстар да қолдануы керек», - деді Мемлекет басшысы.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру